22 Мамыр, 2019

Құлсарыда жаңа автобустар пайдалануға берілді

Автобустар №5 және №10 маршрут бағыттары бойынша қатынап жүр.

Бұл туралы «Кең Жылой» газетінің сайтында жарияланған.

№5 қаланың 5 «а» ықшамауданынан бастап, халыққа қызмет көрсету, ІІІ ықшамауданның Ізбасов, Өтен батыр көшесі, «Лидер» супермаркеті мен «Технодом» сауда үйінің ортасымен «Бәйтерек» аялдамасына барып аялдайды. Одан Орталық ықшамаудандағы Махамбет даңғылымен «Халық Банкі» мен «Сəт сапар» аялдамасы арқылы жүріп, «Бес ағайын» мейрамханасына бұрылады да, Сарқытов көшесімен кері 5 «а» ықшамауданына дейін қатынайды екен.

Ал мамырдың 21-нен басталған қалаішілік бағыттағы жолаушылар тасымалдаумен айналысатын №10 маршруттың жұмысы Құлсарының 7-учаскесіндегі М.Нұрманов көшесіндегі «Аружан» мейрамханасынан басталады. А.Орынғалиев, Б.Бойжанов көшесі арқылы ПНГС ықшамауданымен Махамбет даңғылына түсіп, ІІІ ықшамауданындағы Қ.Сыдиықұлы көшесіне қарай бұрылады. Әрі қарай Ш.Ізбасов пен М.Кенғанов көшесінен «Технодом» сауда үйінің алдымен «Бәйтерек» аялдамасына табан тірейді. Сол жерден орталық ықшамауданына қарай қозғалып, «Халық Банкі» арқылы «Беркад» базарына барып аялдайды. Сол жерден Ұ.Абдрахманов пен Ж.Ізтұрғанов көшесімен бойлай өтіп, М.Нұрманов көшесіндегі «Аружан» мейрамханасына қайтып келеді.

ATPress.kz

Сурет: «Кең Жылой» газеті


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда