22 Мамыр, 2019 1100

Атыраудан Ресейге апаратын жолдың ені 9 метрге кеңейтіледі

Ақтөбе облысында ұзындығы 319 км «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» республикалық маңызы бар автожол учаскесі қайта жаңартылып жатыр.

 Орталық Азияны Еуропамен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен жалғайтын халықаралық дәліз болып саналады.

Жаңартылғаннан кейін жолдың ені 9 метрге дейін кеңейтіліп, қозғалыс жылдамдығы сағатына 120 км дейін рұқсат етілген II техникалық санаттағы күре жол болады.

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолын жөндеу жұмыстары 7 учаскеге бөлінген. Қазір оның 1 учаскесінде жұмыс аяқталды, қалған ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 4 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жасалуда.

160-220 км, 236-275 км, 275-330 км учаскелерін қайта жаңартуға халықаралық қаржы институттарынан, оның ішінде Азия даму банкінен қаражат тартылды.

Қалған 11-52 км, 52-100 км (Ақтөбе-Қандыағаш) учаскесі бойынша жобаға сәйкес жолды ІІІ-ші техникалық санаттан төрт жолақты қозғалысы бар І-ші техникалық санатқа ауыстыру туралы техникалық шешім қабылданған болатын. Қазіргі уақытта мердігер компанияны таудау үшін конкурстық құжаттама әзірленуде.

Халықаралық транзит дәлізін қайта жаңартудың арқасында Қазақстанның Қытай, Ресей және Батыс Еуропа елдері арасындағы транзиттік ағынның және тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Дереккөз: Inform.kz

Сурет: Ашық дереккөз




Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда