21 Мамыр, 2019

Атырауда дәстүрлі әндер фестивалі өтті

Атырауда «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі әндер фестивалі өтті. Аталған шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар бас қосты.

Фестивальдің басты мақсаты – өшкелі тұрған өнерді, ұмыт бола бастаған қазақтың ән-күйі мен жыр-термесін кеңінен дәріптеу, жастарды сол өнерге баулу.

Көмеймен жыр айту мектебінің үздіктерінен Алмас Алматов, Шолпан Дәржанова, Жәкен Омаров, Ерлан Рысқали секілді дәстүрлі өнер майталмандары шараға жиналған көрермендерге ерекше кеш сыйлады.

2019 жылдың қаңтар айында Семей қаласынан бастау алған өнер фестивалі Көкшетау қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында өткен. Аталмыш фестиваль шілде айында Жетісу жерінде қорытындыланады. 

 Дереккөз:Baq.kz

Сурет: Ашық дереккөз





Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда