20 Мамыр, 2019

Атырау облысында полиция басшылығы жазаланды

Атырау облысы мен Атырау қаласының полиция басшылығы жазаланды, сондай-ақ бес полицей қызметінен босатылды.

Ішкі істер министрлігі Атырау облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне қатысты БАҚ-та жарияланған сыни бейнематериалдар бойынша қызметтік тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша "Жол қозғалысы" туралы Заңды және ведомстволық бұйрықтарды бұзғаны, көлік құралдарын себепсіз тоқтатқаны үшін батальонның үш қызметкері қызметтерінен босатылды. 

Сондай-ақ, жеке құрамға бақылау болмағаны үшін аталған бөлімшенің командирі мен жергілікті полиция қызметінің басшысы қызметінен босатылды. Атырау полиция басқармасының, облыстық жергілікті полиция қызметінің басшылығы және облыстық полиция департаментінің  саланы қадағалайтын орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дереккөз:inform.kz

Сурет: Ашық дереккөз





Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда