20 Мамыр, 2019

Мемлекеттік қызмет істері департаменті қызметкерлерінің жұмыс күні қысқартылды

Енді департаментте жұмыс 17:30-да аяқталады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет саласындағы озық тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, Агенттіктің пилоттық режимдегі жұмысының жаңа графигі енгізілді. Қазіргі уақытта Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінде жұмыс күні таңертең сағат 8.30-да басталады және сағат 17.30-да аяқталады. 

«Көптеген еуропалық елдерде кеңселер таңғы сағат 7.00 - 8.00-де ашылады. Қызметкерлер үйлеріне Ұлыбританиядай сағат 17.00-де, ал Швейцариядағы сияқты сағат 16.00-де қайтады. Мемлекеттік қызметшілердің түскі асына небәрі жарты сағат бөлінеді. Біздегі түскі ас уақытындағы үзіліс бір жарым сағатты құраған болатын. Қазіргі таңда Агенттіктің шешіміне сәйкес, түскі ас уақытына бір сағат берілді», -  деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осылайша, агенттік түскі үзілістің қысқартылуымен және жұмысқа шығатын уақытты жарты сағатқа шегере отырып, 8 сағаттық график сақталады.

Әзірге мұндай режим Агенттікте ғана енгізілуде.


ATPress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда