20 Мамыр, 2019

«ӘREKET» жобасы бойынша ақпараттық түсіндіру кездесуі өтеді

Атырауда «ӘREKET» жобасы бойынша облыстың КЕҰ үшін ашық түсіндіру кездесуі өтеді.

Коммерциялық емес ұйымдары мен БАҚ өкілдерін 21 мамыр күні Атырау қаласында (М.Өтемісов к., 88, 2 қабат, ОТҮ жанындағы Азаматтық орталық) сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін өтетін «ӘREKET» жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуіне шақырады.

Кездесу барысында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілдері жобаға қатысудың негізгі ережелері мен шарттары туралы айтып, өткен жылдар тәжірибесімен бөліседі және ең өзекті сұрақтарға жауап беретін болады.

Бұған дейін хабарланғандай, гранттар байқауының бірінші кезеңі 3 маусымда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Осы кезеңде қатысуға мүдделі барлық КЕҰ байқау туралы ережеге сәйкес өтінім беруге тиіс.

Келесі кезең екінші кезеңге өткен КЕҰ-ға толық өтінім беру болмақ. Үміткерлерді іріктеуді арнайы комиссия жүргізетін болады, оған мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес және әлеуметтік сала өкілдері кіреді.

Соңында, үшінші кезең іріктеуден өткен Коммерциялық емес ұйымдарға арналған үш күндік білім беру бағдарламасы болады. Оқу соңында КЕҰ өкілдері әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша өз жобасын қорғайды және олардың үздігі 3 млн теңгеге дейін грант алады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Samruk-Kazyna Trust» қоры «ӘREKET» жобасына 150 млн теңге бөлді. Байқау аясында әр мүдделі коммерциялық емес ұйым 3 млн теңгеге дейінгі мөлшерде грантқа үміткер бола алады.

Гранттар байқауы туралы ережемен және қосымша ақпаратпен sk-trust.kz сайтында  «ӘREKET» бөлімінде танысуға болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, коммерциялық емес ұйымдар тел.: +7 (7172) 57 63 05 (қазақ тілінде), 24 80 14 (орыс тілінде), 57 65 41 (орыс тілінде) (Нұр-сұлтан уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін) немесе areket.skt@gmail.com электрондық поштасы арқылы хабарласа алады.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда