19 Мамыр, 2019

Атыраулық әйел қарызын қайтармай жүрген алаяқты кездейсоқ тауып алды (ВИДЕО)

Атыраулық полицейлер жүргізген "Жолда қабылдау" акциясы кезінде бірнеше қылмыс ашылды.

Аймақтық полиция департаментінің хабарлауынша, қала тұрғыны 2 жыл бұрын өзіне қарыз болған азаматшадан ақшасын ала алмай жүрген. "Жолда қабылдау" акциясын көрген азаматша өз мәселесін полицейлерге жеткізген болатын. Аталған факті бойынша Атырау қалалық полиция басқармасы дереу арызын қабылдап, күдіктінің жеке басын анықтады. 

Оқиға былай болған: осыдан 2 жыл бұрын өзін Атырау қаласы Алмагүл ықшамауданында тұрамын деп таныстырған әйел адамның Құлсары қаласының тұрғыны екені анықталды. 

- Арыз жазуға немқұрайлы қарап, сонымен қатар қарыз алушы өзі бір күні әкеліп берер деген оймен біршама уақыт күтіп жүр едім. Бүгін жұмысқа келе жатып осы акцияны көріп, мәселемді полицейлерге айтқанмын. Аз уақыттың ішінде күдіктінің жеке басын, мекенжайын анықтап, онымен байланысқа шығуыма мүмкіндік берді. Арызымды осы жерде дереу тіркеп, көптен бері шешімін таппаған мәселеге полицейлер аз уақытта көмектесті, -  дейді қаладағы сауда орталықтарының бірінде жеке кәсіппен айналысатын Исаева Баян есімді қала тұрғыны.



ATPress

Фото, видео облыстық ІІД алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда