16 Мамыр, 2019

Еркінқалада 46 көшеге жол төселеді

Жалпы ұзындығы 60,24 шақырымдай құрайтын 46 көшеге тас жол төсеу жұмыстарының жобасы жасақталған.

«Бүгінгі таңда Еркінқала 2 ықшам ауданының №4, 40, 6, 11 көшелерінің жол төсеу бойынша жұмыстары басталды. Толықтай 46 көшесіне тас жол төсеу жергілікті бюджеттің қаражат көзінің бөлінісіне қарай 2019-2020 жылдарға жоспарланған», - деп мәлімдеді Атырау облысының телеграмм чат каналында Еркінқала ауылдық округінің әкімдігі.


ATPress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда