16 Мамыр, 2019

Атыраулық полицейлер тұрғындарды екі күн қатарынан жолда қабылдайды

Атырауда 17-18 мамыр күні «Жолда қабылдау» акциясы өтеді.

Жол-патрульдік полициясы, ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлардың жұмысы және емтихан алу тіркеу бөлімі, көлікті қайта жабдықтау, айыппұлдарды тексеру, жол-техникалық қызметіне қатысты кез келген сауалға жауап ала аласыз.

Атырау облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы акцияның төмендегі мекен-жайларда болатынын хабарлайды.

17-18 мамыр сағат 09.00-13.00, 14.00-19.00 аралығында:

1.Авангард 3 мөлтек ауданы Құрманғазы-Владимирский көшесінің қиылысы (соңғы аялдама)

2.Мұса Баймұханов көшесі, 16А №2ХҚКО.

3.Құрманағзы АПБ, Абай көшесі, «Серпер» базарының базараның автотұрағы.

4.Индер АПБ, Қонаев көшесі №19 үйдің жаны.

5.Исатай АПБ, Аққыстау поселкесі Егемен Қазақстан көшесіндегі сауда орталығының жанында.

6.Махамбет АПБ, Жайық шұғыласы көшесі жанындағы атвотұрақ.

7. Қызылқоға АПБ, Миялы поселкесі Абай көшесі 34, «Нұр Отан» ғимаратының жаны.

8.Мақат АПБ, Мақат поселкесі «Нұр Отан» аллеясы.

9.Жылыой АПБ, Құлсары қаласы Махамбет даңғылы, Жеңіс саябағы.


ATPress.kz

Сурет ІІД баспасөз қызметінен алынды


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда