16 Мамыр, 2019

Мұнайдың әлемдік бағасы 70 доллардан асты

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күні өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді.

Лондондағы ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,96 долларға артып, 71,95 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) маусым айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,24 долларға жоғарылап, бір баррелі 62,02 доллар болды.

Фото: Ашық дереккөз



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда