16 Мамыр, 2019

Құрма аларда сақ болыңыз!

Рамазан айы басталысымен құрма саудасы қыза түсетіні белгілі.

Тіпті бұған дейін 300-400 теңгеге саудаланған жұмақ жемістің құны әп-сәтте шарықтаған. Мәселен, шетелден келгені кемі 5000 теңгеден басталады. 
Қала тұрғындары да құрма бағасының шарықтап кеткенін растап отыр. Бұған дейін 400-500 теңге сатылған жидек, қазір қымбаттаған.

Сонымен қатар, соңғы  4 айдың ішінде құрмадан ішек таяқшалары табылған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мәлімдеді. Мәселен, соңғы тексеру нәтижесінде сауда орындарынан алынған құрмалардың 4 пайызынан адам денсаулығына аса қауіпті микробтар анықталған.

"Тексеріс нәтижелері бойынша 18 пайызы талаптарға сай болмай шықты. +0202 Сәйкес келмейтін өнімдердің басым бөлігі импорттық өнімдерге тиесілі. Талаптардың бұзушылықтары кеден одағының заң бұзушылықтары 85 пайызы анықталса, 4 пайызында қауіпсіздік көрсеткіштері, ішек таяқшалары анықтаушылықтар болды", - дейді Дана Қасқатаева, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің бас сарапшысы.

Осылайша, мамандар құрманың сыртқы қорабын мұқият қарау керектігін айтады. Егер де оның шыққан күні, қолдану мерзімі жазылмаса мұндай өнімнен бас тартқан дұрыс, - дейді. 
Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізген  мониторинг нәтижесінде кінәлі тұлғаларға 27 миллион астам айыппұл салынған. Одан бөлек, сауда орындарынан талаптарға сәйкес келмейтін 4,5 мың тонна қауіпті тағам өнімдері, оның ішінде 9 келі құрма тәркіленген. 

Фото: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда