15 Мамыр, 2019

Заңсыз балық аулаған атыраулық тұрғын сотталды

Атыраулық тұрғын балық аулаймын деп 2 жыл бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы Исатай ауданы, Жанбай ауылындағы Каспий теңізінде «Бударка» қайығымен заңсыз 12 дана бекіре тұқымдас балықты, 34 дана сазан, 1 дана көксерке балықтарын аулаған. Сөйтіп, ол табиғат қорғау полиция қызметкерлеріне ұсталды.

Нәтижесінде, 8 401 685 теңге көлемінде мемлекетке елеулі материалдық нұқсан келтіргені белгілі болды.

«Сот үкімімен тұрғынға ҚР ҚК-нің 335-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған шартты түрде 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі.




ATPress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда