14 Мамыр, 2019

Атыраулық волейболшылар ел чемпионатында күміс жүлдегер атанды

7-14 мамыр аралығында Таразда XXVII ерлер арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

Ұлттық лигада Атырау облысының командасы күміс жүлдеге ие болды.

Ақтық сында «Атырау» волейбол командасы «ТНК-Казхром» командасына 2:0 есебімен есе жіберіп алды.

«Бұл атыраулық команданың ел чемпионатындағы жетінші күміс жүлдесі. Былтыр чемпион атанған болатын», - деп хабарлады Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Атырау» волейбол командасы 2000 жылы құрылды. Осыған дейін жергілікті команда ел чемпионатында жылма-жыл тұрақты түрде жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді.


ATPress.kz



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда