14 Мамыр, 2019

Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев жаңадан тағайындалған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Жолмұхамбетов Қайрат Басғараұлын ұжымға таныстырды.

Жолмұхамбетов Қайрат Басғараұлы 1976 жылы туған, қазақ, жоғары білімді. Еңбек жолын 1997 жылы салық органдарында бастаған. Қостанай облысы бойынша Салық комитетінде әртүрлі лауазымдар атқарған. Атырау облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша Салық департаментінің басшысы лауазымын атқарған. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салық салу әдіснамасы департаментінің директоры болып қызмет атқарып келді.


ATPress.kz


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда