14 Мамыр, 2019

Атыраулық кеншілердің жалақысы өсті

Биылғы жылдың 1-тоқсанында өнеркәсіп саласы жұмысшыларының орташа жалақысы 243,8 мың теңге болды.

Energyprom.kz мамандарының мәліметінше, ең жоғары жалақы тау-кен саласы жұмысшыларында. Олар орташа есеппен 401,1 мың теңге жалақы алады.

Тау-кен саласындағы жоғары жалақы БҚО 1,2 миллион теңге болса, екінші орында Нұр-Сұлтан тұр. Мұнда тау-кен саласы жұмысшылары орташа есеппен 1,1 миллион теңге алады. Ал үштікке Атырау облысы  да кіреді, өңірдегі тау-кен саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы – 920,2 мың теңге.


ATPress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда