13 Мамыр, 2019

WhatsApp мессенджері бірнеше смартфонда істен шығады

2019 жылдың 31 желтоқсанынан бастап операциялық жүйесі ескірген смартфондарда WhatsApp істемейтін болады.

Сонымен қатар, Android iOS 8+ нұсқасынан төмен, Windows Phone-да 8.1+ нұсқасынан, KaiOS 2.5.1+, JioPhone және JioPhone 2 нұсқаларынан төмен құрылғыларда мессенджерді орнату мүмкін болмайды.

WhatsApp мессенджерінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолданушыларда ешқандай қиындық туындамайды. 

Google статистикасы бойынша, Android платформасындағы құрылғыларды қолданушылардың үш пайызы ғана ескірген нұсқаны қолданады. Ал iPhone смартфондарының 5 пайызында ғана оныншы нұсқадан төмен iOS орнатылған. 


ATPress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда