13 Мамыр, 2019

«Атырау» алматылық «Қайратты» жеңді

«Атырау» футбол командасы алматылық «Қайрат» тобын 2-1 есебемін ұтты.

«Атырау» сапынан 34-минутта Дарко Бьедов есеп ашса, 36-минутта «Қайраттан» Адеринсола Эсеола таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп 69-минутта атыраулық Ризван Аблитаров белгіледі. Осылайша, «Қайрат» биылғы біріншілікте бесінші мәрте жеңілді. Сондай-ақ, қатарынан үшінші рет қарсыластарына есе жіберіп отыр.

Айта кетейік, кеше футболдан премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 10-тур ойындары болды.


ATPress.kz

Сурет: «Атырау» футбол клубының сайтынан алынды

 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда