11 Мамыр, 2019

Атырауда «Тегін такси» қызмет көрсетеді

Атырауда «Тегін такси» жобасы іске қосылды. Бұл туралы орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Мансұровтың бастамасымен іске қосылған жоба тарауих намазына келген жамағатқа, соның ішінде үлкендерге қызмет көрсетеді. 

«Орталық «Иманғали» мешітіне күнделікті тарауих намазына келуші жамағаттың қарасы көп. Тегін такси жобасы әсіресе ақсақалдарымызға, қарт аналарға қызмет етіп, ол кісілерді намаздан соң үйіне жеткізіп салатын болады», - дейді Атырау облысының Бас имамы Батыржан Мансұров. 


ATPress.kz

Сурет? Ашық дереккөз

       


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда