08 Мамыр, 2019

Атырау облысының 20 000-нан астам тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек алды

Аймақта 20 000-нан астам адам мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, 1 сәуірден бастап 15 233 адамға (2654 отбасы) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Осы мақсатқа 253 млн теңге төленген.

«Атаулы әлеуметтік көмек арыз берген күнге байланысты емес, сол ай есепке алынады. Бүгінге атаулы әлеуметтік көмек жалпы сомасы 341 млн 460 мың теңге, 20 мың адамға (3508 отбасы) тағайындалды», - деді Серік Қамидолла.

Еске салсақ, Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 сәуірден бастап АӘК мөлшері 50%-дан 70%-ға артты, күнкөріс минимумы- 20 789 теңге. Бұрын АӘК орташа мөлшері отбасының әр мүшесіне 4 834 теңге болса, сәуірден бастап 20 789 теңге төленеді.


ATPress.kz

Сурет: ӨКҚ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда