08 Мамыр, 2019

Атырауда "Мәңгілік данқ" шеруіне 200 адам қатысты

Мұнайлы астанасының көшелерінде «Мәңгілік данқ» акциясы өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін Атыраудың 200-ге жуық тұрғыны әскери оркестрмен бірге Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің суреттерімен Жеңіс саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Іс-шара барысында бастарын өлімге тіккен ардагерлеріміздің ерлігіне тағзым еткен Атырау қаласы әкімі орынбасары Ұлықбек Тналиев тұрғындарды мерекемен арнайы құттықтады.

- «Мәңгілік даңқ» Ұлы Жеңіс күніне орай ел тыныштығы, бейбіт өмір үшін сұрапыл соғыста жанын аямай жау соққысына төтеп беріп жерімізді қорғап қалған ата-бабаларымызды, батыр ардагерлерімізді еске алуға арналған, - деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

Шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан сарбаздар мен бүгінде арамызда жоқ майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен бастау алды.

Айта кетейік, биыл Ұлы Отан соғысы жеңісіне 74 жыл.


ATPress.kz

Cурет: ӨКҚ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда