06 Мамыр, 2019

Мемлекет басшысы атыраулық полицейге орден табыстады

Көпірден суға секірген қызды құтқарамын деп қаза тапқан атыраулық полицей Шалқар Ақымғалиев және оның әріптесі Рүстембек Сүндетов арнайы орденмен марапатталды, - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

ІІ дәрежелі "Айбын" орденін Рүстембек Сүндетовке Мемлекет басшысы Тоқаевтың өзі табыстады. Ал қаза тапқан полицейге тиесілі марапат оның анасына беріледі.

"Суға батып бара жатқан қыз баланы құтқарып қалған азаматтың батылдығы шынайы ерліктің үлгісі", - деп ерекше атап өтті Мемлекет басшысы.


ФОТО: ІІД


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда