03 Мамыр, 2019

Атырауда болған дауылдан зардап шеккендер жоқ

Бүгін Атырауда ауа райының қолайсыздығына орай Балықшы мөлтек ауданында үйдің шатыры құлады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді.


«А.Құнанбаев көшесі №19 үйідің шатырып құлады.Зардап шеккендер жоқ. Бұл үй 1985 жылы салынған. 2016 жылы қайтадан терможаңғыртудан өтті. Қазір кепілдеме уақыты өтіп кеткендіктен, берілген мекемемен сөйлесіп, қайтадан жөндеу мәселесін қарастырудамыз» деді қала әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев.

Қауіпсіздік мәселелерін сақтау мақстаныда А.Құнанбаев көшесі қазір жабық тұр. Қатты дауылдан кейін арнайы мемлекеттер қызметтер ұшып кеткен шатырдың тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Төтенше жағдайлар басқару басқармасының басшысыҚайрат Темірбековтың айтуынша, тұрғындарға алдын-ала шаңды дауыл тұратыны туралы ақпарат тарады.


Н.Әліпмұратова




Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда