29 Сәуір, 2019

Қазақстан-Қытай шекарасы жабылады

ҚХР Қазақстанмен шекарадағы барлық шекаралық өткелдерді бес күнге жабады.

«Қытай 1-5 мамыр аралығында ҚХР-да көктем және еңбек мерекесі тойлануына байланысты шекаралық өткелдер жабылады. Бұл күндері екі елдің мемлекеттік шекарасынан тек авиациялық қатынас арқылы өтуге болады», - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі. 

ҚР ҰҚК-де шекара өткелдері қытай тарапының бастамасы бойынша жабылатын болады.

Олар 6 мамырдан бастап  қайта жұмысқа кіріседі.


ATPress.kz

Сурет: Ашық дереккөз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда