29 Сәуір, 2019

1 мамырда атыраулықтар қайда бара алады?

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі қарсаңында өңірде көптеген іс-шара ұйымдастырылған.

Атап айтсақ, сағат 10:00-де Сұлтан Бейбарыс алаңында басталатын мерекелік шара әрі қарай Ұлттық ұлан оркестрінің концертіне ұласады. Ал сағат 12:00-де Сарайшық коммуналдық базарында қалалық тауар өндірушілерінің көрмесі өтеді.

 Кешкі мерекелік концерт сағат 19:00-де Сұлтан Бейбарыс алаңында аяқталады.


ATPress.kz

Сурет: ӨКҚ


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда