22 Сәуір, 2019

Атырауда 150-ден аса мүгедекке тиесілі төлемақы төленбей келген

Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдарға 2 миллион теңге кем төленген.

Атырау облысы прокуратурасының сайтынан алынған ақпаратта көрсетілгендей, Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдарға заңнамада көрсетілген, мерекелік және атаулы даталарға берілетін әлеуметтік төлемдер жасалмаған.     

Бұндай жағдай 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін орын алып, аудандық прокуратурның тексеруі кезінде анықталған. Қадағалау органының араласуынан кейін, 151 мүгедекке екі миллоин теңгелен астам сомада кепілді әлеуметтік көмек төленген. Жұмыспен қамтамасыз ету бөліміндегі кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

ATPress.kz              

Фото ашық дерек көздерінен алынған


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #жәрдемақы