21 Сәуір, 2019 372

Ұлттық құндылығымызды қаншалықты бағалаймыз?


Өркениетті елдердегідей тарихи, ұлттық құндықлыққа деген көзқарас қашан өзгереді екен? Күні кеше ғана Париждегі Нотр- Дам –де- Пари музейі өртенгенде, бүкіл әлем болып күйзеліп, француздар миллиондаған доллар қаржы жинап берді. Ешкім күштеген жоқ, үгіттеген де жоқ. Біз де Сарайшық тұр. Әлемнің тарихи жауһарларының бірегейі десе де болады. Көне қаланың орнына келіп күл-қоқыс төктік, күні кеше дейін ауылдастарды үстіне жерлеп келдік. Қоршауды да ұмыт қалдырып келеміз. Ал, қазақ хандығының астанасы болып келген сол Сарайшықтың біздегі картаға сәйкес, 65% жер астында екендігін, оның болашақ үшін тарихи құндылығы зор екендігін ұмыта береміз. Бұл қазақ хандығының астанасы ғой?! 


Мұқтар Әбілсейіт, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының басшысы

(Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми- әмбебап кітапханасында өткен «Атырау өңірінің тарихи- мәдени зерттеудің өзекті мәслелері» атты дөңгелек үстел барысындағы мәлімдемесінен)


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда