19 Сәуір, 2019

Атырауда жантүршігерлік қылмыс видеоға түсіп қалды (видео)

Жантүршігерлік қылмыстың кадрлары бірнеше күн бойы интернетте таратылуда. Бұған қоса күдікті тұлғалар туралы полицияның бағдарлауы да бар.     

Бейнебақылау камерасымен жасалған жазбадан мынаны көруге болады: автокөлік жанында тұрған жас жігітке қолында шолық мылтыққа (обрез) ұқсайтын қаруы бар адам таяп келеді. Қарулы адам мылтық ұстаған қолын сермеп, жігіт жерге құлайды.


Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі тек бүгін хабарлағандай, Баймұханов көшесіндегі бір үйдің жанында 32 жасар ер адамның өлтірілу фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Жасалған қылмысқа қатысы бар тұлға ұсталды.      

 Лев Гузиков

Иллюстративтік фото ашық дерек көздерінен алынған


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда