15 Сәуір, 2019

«Atyrau Marathone-2019» үш мың адамды жинады

Осының алдында, 14 сәуірде Атырауда дәстүрлі «Atyrau Marathone - 2019» марафоны үшінші мәрте өтті.


Ұйымдастырушылар қатысушылардың қалауына қарай бес дистанцияны дайындады - 42 км, 21 км, 10 км, 3 км и 1,2 км (балаларға арналған қашықтық). Ең ұзақ алғашқы үш дистанцияға қатысу үшін қаржылық жарна енгізу қажет болды. Түскен қаражаттың барлығы қайырымдылыққа жұмсалды – жетім балаларды және аз қамтылған отбасыларының балаларын қолдауға.         

Жүгіру облыс әкімдігі алдындағы алаңнан басталып, сол жерде аяқталды. Жексенбі күні таңертеңгі сағат 6-да осында үш мың желаяқ жиналды – тек Қазақстан емес, басқа елдерден келген қонақтар да болды.



76 санат бойынша марапатталғандардың ішінде, Астрахань қаласының тұрғыны Базарбай Дауталиев абсолютті жеңімпаз атанды – үшінші рет қатарынан! Әйелдер ішіндегі осындай жеңімпаз – Әмина Зинорова. Ең жасы үлкен қатысушы деп 72 жасар Амегульсин Мұсылманова танылды. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың ішінде жеңіске деген жігері үшін 58 жасар паралимпияшы Олег Сысолятин марапаталды – бұл оның 120-шы марафоны еді. Атақты рекордшы Марат Жыланбаев жарысқа құрметті қонақ ретінде қатысты.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 ATPress.kz

Фото/видео: өңірлік коммуникациялар қызметі



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #марафон