02 Сәуір, 2019 786

Атырауда мас жүргізуші көлігімен дүкенге кіріп кетті (ФОТО/ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде қолданушылар әлдебір жол- көлік оқиғасы туралы бейнежазбаны таратуда.


Атырау облыстық  полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, оқиға 29 наурызда, түнде орын алған екен. «Тойота» шағын автобусының жүргізушісі, 1986 жылы туған азамат, Азаттық даңғылымен Балықшы ықшамауданына қарай жол тартыпты. Азаттық даңғылы мен Әуезов көшесінің қиылысында микроавтобус «Ниссан Максима» автокөлігімен соқтығысып, бар екпінімен жол жиегінде тұрған көкөніс дүкеніне кіріп кеткен.


Микроавтобустың ішінде жүргізушінің әйелі мен екі баласы болған. Қызы 2015 жылы дүниеге келген, ұлы 2012 жылғы нәресте. Төртеуі де ауруханаға жеткізілген. Отағасы, микроатобус жүргізушісі ішімдік ішкен, мас екендігі анықталды.

Еламан Жусанов

Фото мен бейнежазба әлеуметтік желілерден алынды




Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда