15 Наурыз, 2019

Жалдамалы үйлер көбейеді

Ағымдағы жылы облыста тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін және аз қамтылған отбасыларға арнап, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында несиелік және жалдамалы үйлер салынуда.

Бұндай  үйлердің  құрылысы тек Атырау қаласында емес, аудан орталықтарында да жүргізілуде.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың сессиясында мәлімдеген облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А. Нұралиев Береке, Нұрсая, Талғайран ауылынан үй құрылыстары басталғанын да тілге тиек етті. Мысалы, Нұрсая мен Береке ықшамаудандарында 9 қабатты үйлер салынады. 

Индерде 48 пәтерлік, Аққыстауда -60, Құрманғазы ауданының Кадырка елді мекенінде- 60, Доссор кентінде 60 пәтерлік үйлер салынса, Құлсарыда 100 пәтерлік үй тұрғызылмақ.  

Айта кету керек, Нұралиев мырзаның мәлімдеуінше, жалпы облыс бюджеті 346 млрд. теңге көлеміне жеткен. Әлеуметтік салаларды дамытуға 35%, тұрғын- үй коммуналдық шаруашылыққа- 26%, көлік және коммуникацияға 10% және басқа да салаларға бөлінеді.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #пәтер #бағдарлама