15 Наурыз, 2019

Геолог қалаға қосылды

Атырау қаласы іргесіндегі Геолог ауылдық округі таратылып, облыс орталығына қосылды. Бұл туралы ұсынысты қала әкімінің міндетін атқарушы Шәкір Кейкін облыстық мәслихаттың кезекті XXIX сессиясында жасаған болатын.

ҚР Үкіметінің қаулысымен 2016 жылы бекітілген Атырау қаласының жаңа Бас жоспарына сәйкес, қаланың әкімшілік- аумақтық бірліктеріне өзгеріс енгізіліп, елді- мекендерді оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп келеді. 2018 жылы ауылдық сипаты жоқ, тыныс- тіршілігі қаламен байланысып кеткен Балықшы және Жұмыскер ауылдары қала аумағына қосылғаны белгілі. Жоғарыда аталған Бас жоспарда Геолог ауылдық округін де қала аумағына қосу қарастырылыпты.

Аталмыш ауылдық округте 17607 тұрғын бар. Ал, оған қарасты Қарабатан және Разъезд 496 елді мекенінде мектеп, емхана, балабақша жоқ, табиғи газбен қамтылмаған.  Бұл екі ауылда да әрқайсысында 140-тан астам тұрғын бар екен. 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Геолог #қала #жоспар