15 Наурыз, 2019

Дрон деген бір керім бар

Осы күні техникалық мүмкіндікті пайдаланудың неше түрлі әдіс – тәсілдері пайда бола бастады. Былтыр хат- хабарды, газет- журналды дронмен жеткіземіз деп, Айды аспаннан бір-ақ шығарып еді, енді айналаны ластаушыларды да дронмен қадағалайды.

Бұл туралы облыстық қоршаған ортаны қорғау және  табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Мақсот Күсебалин хабарлады. Айтуынша, биылғы сәуір айынан желтоқсанға дейін Атырау қаласының аумағын дронмен қадағалау үшін облыстық бюджеттен  7 млн. 332 мың теңге бөлініпті. Тапсырысты орындау конкурсынан жеңіп шыққан тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарды тастаған немесе рұқсат етілмеген жерден карьер ашылған жерлерге мониторинг жасайды. Бұл үшін кей кездері ішкі істер органдарымен де біріккен рейдтік шаралар да ұйымдастырады екен.  


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #тазалық #дрон #рейд