15 Наурыз, 2019

Құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысы өседі

1 шілдеден бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі.

«ІІМ-нің орталық аппаратын 15%-ға қысқарттық, әкімшілік аппаратты қысқарттық, аудан деңгейіне дейін төмендеттік, 10% төмендету арқылы патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысын 65% -ға арттырамыз», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, жалақыны көтерген соң полицияның жаңа формасы ауыстырылады.

Министр атап өткендей, қазір ведомства жұмысқа алуға байланысты айлық мораторий енгізді. Қысқартылған қызметкерлер өңірлерде, аудандық мекемелерде және полиция бөлімшелерінде бос жұмыс орындарымен жұмысқа орналасады.

 


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда