15 Наурыз, 2019

Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қоғамдық жұмыс атқарған маман Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келген Ұлықбек Тналиев Атырау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгін 15 наурыз қала әкімінің міндетін атқарушы Ш. Кейкін аппараттық жиын барысында қала әкімінің жаңа орынбасарын таныстырған болатын. Ұ.Тналиев – білім, ішкі саясат, жұмыспен қамту және алеуметтік бағдарламалар, тілдерді дамыту және спорт салаларына жауапты.

Білімі жоғары. 2010 жылы «Техника ғылымдарының», 2012 жылы «Экономика және бизнес» магистрі санатын алған. Еңбек жолын 2005 жылдары Атырау қаласындағы қоғамдық ұйымдарда ерікті болып бастаған. 2006 жылы «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» атты қоғамдық ұйымына төраға болып жетекшілік еткен.

2017 жылы мемлекеттік қызметке түсіп, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған. Қала әкімі орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары лауазымын атқарып, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек, жаңа жұмыс орындарды ашу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау саласына жауапты болған.

Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Кейкін жаңа тағайындалған әкімнің орынбасарына қызметте табыс тілеп, қаланың әлеуметтік мәселелерінің шешілуі сапалы болатынына сенім білдірді.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда