15 Наурыз, 2019

Шымкенттік азамат Атырау полицейлеріне алғыс білдірді (ВИДЕО)

Шымкенттік азаматтың айтуынша, құжаттар мен бірнеше банк карталары қолма-қол ақша салынған барсетканы таксиде тастап кеткен. Ол дереу Атырау қаласының полиция департаментіне келіп, полицейлер оны іздеуге көшеді.


–Сағат 16:10-да полиция департаментіне барып, шағым түсірдім. Қонақ үйден шыққан «Лада» маркалы көлік екенін білдім, бірақ нөмірі есімде жоқ. Полиция қызметкерлері базадағы көлік иесін тез тапты.Қазір кешкі сағат жеті. Ал құжаттарым қазір қолымда. Жалпы, іздеу барысында қызметкерлер тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілді. Оларға алғысымыз шексіз, деп қуанышын жеткізді Ясын Даубай.



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #полицей #құжат