14 Наурыз, 2019

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы қалай өседі?

1 шілдеден бастап 37 мың мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өседі.

Бұл ретте үш жылдық республикалық бюджеттен 170 миллиард теңге қарастырып отыр.

«Сараланған кірісті есептей отырып, бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 169,7 млрд теңге бөлінетін болады. Ұлттық экономика министрлігі облыстық, аудандық және ауылдық деңгейдегі еңбек ететін айлығы төмен қызметкерлердің лауазымдық еңбекақысының коэффицентін арттыру жолымен бірыңғай еңбек төлемі жүйесіне өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл ретте 37 мың мемлекеттік қызметші қамтылатын болады», - дейді қаржы министрінің орынбасары Татьяна Савельева.

Оның айтуынша, орташа есеппен айлық 25 пайызға, ал мамандардың жалақысы 25-30 пайызға, бөлімше басшыларының айлығы 10-15 пайызға өседі.



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #мемлекеттік қызметші #жалақы #