14 Наурыз, 2019

Халықаралық айтыстың жеңімпаздары анықталды

Атырауда Көрісу күніне арналған халықаралық айтыс өтті.

«Ұлы даланың ұлағаты» атты халықаралық айтыста Қазақстан өңірлері мен Қытай, Моңғолиядан барлығы 20 ақын қатысып, бақ сынады.

Белгілі ақын, халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер» одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізген айтыс қорытындысында қарағандылық Дидар Қамиев бас жүлдені жеңіп алды.

Батыс Қазақстан облысынан барған Талғат Мықи бірінші, Жансая Мусина екінші орынға ие болды. Сондай-ақ, атыраулық Шалқарбай Ізбасаров екінші, астаналық Мейірбек Сұлтанхан, шымкенттік Қалижан Білдәш, Моңғолиядан келген Ерлан Дәулет үшінші орын иеленді.

Сондай-ақ, Рүстем Қайыртай, Өнербек Дәулекенов, Жәнібек Садыров, Серікбол Панабердиев, Ержан Әмір арнайы сыйлықты иеленді. Қытайдан келген Гүлжан Ықылас Асанәлі Әшімов қорының арнайы сыйлығымен марапатталса, батысқазақстандық ақын Бауыржан Ширмединұлы ынталандыру сыйлығына ие болды.



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #айтыс #көрісу #ақын