14 Наурыз, 2019

Бір баласы бар отбасыларға жәрдемақы қалай тағайындалады?

1 сәуірден бастап берілетін 21 мың теңге жәрдемақы бір баласы бар мұқтаж отбасыларға да төленеді.


«Атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға берілуі шарт. Бұл - Президенттің тапсырмасы. Ал әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыда бір бала немесе екі бала болуы мүмкін. Ондай отбасылардың бір айлық табысы адам басына шаққанда 20 789 теңгеден аспаса, бір балаға 21 мың теңгеге жуық жәрдемақы тағайындалады», – деді ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігі.

Мамандар бір баласы бар отбасына жаңа жәрдемақы төлеуге қатысты мысал келтірді. Мәселен, бір әйел жалғыз баласын асырап отыр. Ал оның бір айлық жалақысы 40 000 теңгені құрайды. Осы ақшаны екі адамға бөлгенде тура 20 000 мыңнан келеді. Демек, отбасының бір айлық табысы адам басына шаққанда күнкөріс минимумның 70 проценті - 20 789 теңгеден аспайды. Заң бойынша балаға 21 мың теңгенің жәрдемақыны төленуі керек.

«Ал анасына 20 000 мен 20 789 теңгенің айырмашылығы төленеді. Сонда баланың жәрдемақысын қосқанда аталған отбасы ай сайын 22 мың теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмекті алып тұрады», - деп атап көрсетті мамандар.



Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #жәрдемақы #отбасы