13 Наурыз, 2019

Ертең Көрісу мейрамына арналған шаралар басталады

Атырауда Көрісу мейрамына арналған шаралар ертең басталады.

Яғни, сағат 11-де Сұлтан Бейбарыс алаңында «Көрісу Fest» халықаралық фестивалі өтеді. Мейрам әрі қарай Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында суретшілер плэнері, облыстық музей көрмесі, ұлттық сусындар мен тағамдар жәрмеңкесіне ұласады.

Сонымен қатар, «Жастар жарыса көрісіп қауышады» байқауы мен театрландырылған әдеби-музыкалық қойылымдар өтеді деп күтілуде.

Атыраулықтарды мерекелік кештен қапы қалмауға шақырамыз.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда