13 Наурыз, 2019

Атырауда сүңгуірлер Жайықтың түбін тексерді

Бүгін ведомствоаралық комиссияның мүшелері Жайық өзенінің кейбір учаскелерін аралады.

Олар катермен Дамбы ауылынан өзенді жоғарылай қала маңындағы «Құрманғазы» ауылдық округіне дейін барды. Олардың көзінше осы жерде ҚР ІІМ ТЖК-нің Батыс өңірлік аэромобильді отрядының сүңгуірлері өзен түбін екі жерде тексерді.


Алдымен сүңгуір GoPro бейнекамерасымен өзеннің ортасында су астына түсті. Содан соң жағалаудағы өзен түбі тексерілді. Водолаздың айтуынша, өлген балық табылған жоқ.

Бір мезгілде Экология департаменті мен «Қазгидромет» мекемесінің қызметкерлері талдау жасау үшін өзен суының сынамасын алды.       


Кейінірек комиссия мүшелері «Жамбыл» селолық округіне келді. Бұнда «Амангелді» ЖШС-нің балықшылары Золотенок учаскесінде аумен қара балықтың түрлерін аулайды.


Кооператив бригадирінің айтуынша, балық аз, себебі мұз жаңа ерігендіктен өзен суы суық болып тұр.

 Ауланған балықтың ішінде өлілері кездессе, олар қаптарға жиналып, есепке алынады.


Бұдан соң азаматтық белсенді А.Хайруллиннің талабы бойынша комиссия мүшелері «Авангард» микроауданына барып, балалар ауруханасы тұсындағы жағалауды қарады.

Дайындаған Еламан Жусанов

Фото: Р.Койлыбаев







Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #балық #Жайық