12 Наурыз, 2019

1 сәуірден бастап өтемақылар мен жәрдемақылар кіріс болып есептелмейді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Атырау облысына сапары барысындағы тұрғындармен кездесу кезінде 1 сәуірден бастап аз қамтылған отбасылардың кірісін есептеудің жаңа ережесі енгізілетінін мәлімдеді.

-       -  ­Бала күтімі, мүгедек баланың күтімі, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» үшін берілетін жәрдемақылар, стипендиялар мен өзге де мемлекеттік төлемдерді отбасы табысын есептегенде кіріс көзі ретінде есептеліп кететіні жөнінде арыз- шағымдар жиі айтылатын. Енді 1 сәуірден бастап осы секілді төлемдер кіріс көзі болып саналмайды. Сонымен қатар, 1 сәуірден бастап құжат тапсыру да жеңілдетіледі. Бұрын осы құжаттарды жинау, тапсыру көптеген уақытты алатын болса, енді азаматтар тек өтініштерін жазса болды, қалғаны жұмыспен қамту орталықтары мен әкімдіктерге жүктеледі. Бұл да 1 сәуірден бастап жүзеге асады,- деді Бердібек Сапарбаев.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда