12 Наурыз, 2019

1 шілдеден бастап 225 мың медицина қызметкерінің жалақысы өседі

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Атыраудағы сапары кезінде мәлімдегеніндей, 1 шілдеден бастап еліміздегі 225 мың медицина қызметкерінің жалақысы 30% өседі.

-Бұлардың ішінде жалақысы ең төмен болып есептелетін 90 мыңнан астам мейірбекелердің жалақысы, бұлардан бөлек фельдшердердің, тағы да басқа орта буын қызметкерлердің еңбекақысы өсетінін айта кетуіміз керек. Сонымен қатар, емханалардағы дәрігерлердің, акушер- гинекологтардың, педиаторлардың және «Жедел жәрдем» жүйесіндегі дәрігерлердің де жалақысы көтеріледі. Бұл Елбасының тапсырмасына орай атқарылатын жұмыстар,- деді Елжан Біртанов.


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Атырау #денсаулық #медицина