20 Ақпан, 2019

Қазақстанда қандай кітаптар көп сатылады?

Wildberrries сайты Қазақстан мен Ресейде былтыр ең көп сатылымда болған кітаптардың тізімін жариялады.

Wildberrries сайты Қазақстан мен Ресейде былтыр ең көп сатылымда болған кітаптардың тізімін жариялады.

2018 жылы ТМД елдерінде 2,2 миллион дана кітап сатылған. Солардың 65 пайызын балалар әдебиеті құрап отыр.

Сонымен танымал әдеби шығармалардың қатарында жазушы Флэгг Фэннидің «Жареные зеленые помидоры в кафе «Полустанок» атты шығармасы, Х.Хоссейнидің «И эхо летит по горам» және К. Стокеттің «Прислуга» атты туындылары бар.

Көп сатылымға ие болғандары: Дмитрий Портнягиннің «Трансформатора» кітабы, Илон Масктің «Никогда не сдамся» және С.Иванованың «Оценка компетенций методом интервью: Универсальное руководство» атты туындылары.

Ал, ата-аналар балалары үшін бүлдіршіннің логикалық ойлау қабілетін қалыптастырып, зердесін ашатын кітаптарды көп сатып алады екен.

Айдос Қарабала


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #кітаптар #сатылым #логика #Қазақстан #ТМД