24 Желтоқсан, 2018

Қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті

ATPress.kz, 24 желтоқсан. Спорт саласының ардагері Ерболат Дүйсеновтің 60 жылдық мерейтойына орай, 2005, 2006, 2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті.

Күй атасы атындағы өлкеде өткен жарысқа Атырау қаласынан, Исатай және Құрманғазы аудандарының құрама командасы қатысты. Жарыс қорытындысымен - 26 кг. салмақ дәрежесінде Нұролла Бейбарыс (Атырау), 29 кг салмақ дәрежесінде Диас Ерболатов (Құрманғазы), 32 кг салмақ дәрежесінде Сапар Еркебұлан (Атырау), 35 кг салмақ дәрежесінде Еркін Азамат (Атырау), 38 кг салмақ дәрежесінде Алдаберген Бекет (Атырау), 42 кг салмақ дәрежесінде Серікболатұлы Дамир (Исатай), 46 кг салмақ дәрежесінде Ғарифолла Фархад (Құрманғазы), 50 кг салмақ дәрежесінде Ғарифолла Ертілек (Құрманғазы) , 55 кг салмақ дәрежесінде Уалижан Арсен (Исатай) , +55 кг салмақ дәрежесінде Робертұлы Бейбарыс (Құрманғазы) жеңімпаз атанды.

Жарыс жеңімпаздары медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Қ. Ғұмаров

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда