24 Желтоқсан, 2018

«Елім менің» тақырыбымен суретшілер байқауы өтті

ATPress.kz, 24 желтоқсан. Д. Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінде бейнелеу өнері мамандығының мектепішілік «Елім менің» жас суретшілер сайысы өтті.

Мақсат – жас жеткіншектердің өз Отанына деген сүйіспеншілігін қағаз бетіне қылқаламмен тақырыпқа сәйкес мазмұнда бейнелеу шеберліктерін, шығармашылық қиялын ұштау, өнерге деген ынтасын жігерлендіру. Байқауға 8-12 жас аралығындағы 15 оқушы қатысып, жас ерекшеліктері бойынша төмендегідей жетістіктер көрсетті.

І орынды үлкен, орта, кіші топтар бойынша Ж.Қамзақызы, Р.Өтеген, Ұ.Идаят жеңіп алды. ІІ орыннан А.Салик, А.Тасқайыров, Р.Әлімжанов, Ж.Тоқтаров, А.Бақытжанова, Н.Жанахмет, А.Зинет, Н.Амангелді, А.Максимов көрінді. М.Серікқызы, С.Ермұрат және Т.Нұрқуатқызы ІІІ орынды өзара бөлісті.

А.Хамзина,

Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің бейнелеу өнері бөлімінің жетекшісі


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Елім менің