24 Желтоқсан, 2018

Құрманғазы ауданында «Тазалық акциясы» қорытындыланды

ATPress.kz, 24 желтоқсан. Құрманғазы ауылдық округі жыл басында тазалық акциясын ұйымдастырған болатын. Соған орай, «Таза ғимарат», «Таза кіре беріс», «Таза аула» деген үш аталым белгіленді.

Акция қорытындысымен «Таза ғимарат» аталымына Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі лайық деп табылды. Үлкен Ганюшкиндегі 16 пәтерлік тұрғын үй «Таза кіре беріс» аталымымен ұлығыланды. Мұндағы кіре беріске пластик есік орнатылыпты, алды тап-таза. Екінші қатарға көтерілетін баспалдақтың да жақтауы сырланып, жоғарыдағы терезеге перде орнатылған. Бұл үйде осы жұмыстарды ұйымдастырып отырған мемлекеттік қызмет ардагері Маийна Дощанова.

«Жылда көршілер өзара қаражат жинап, жертөледегі құбырларды өз күшімізбен жөндетіп, су жинала бастаса сорғызамыз. ПИК сияқты жұмыс жасаймыз. Кім қандай ақша берді, қайда жұмсалды бәрі жазылып, есептеледі» дейді жергілікті тұрғын Маийна Дощанова. «Таза аула» аталымы Кіші Ганюшкин мөлтек ауданының тұрғыны Болатбек Мусағалиевке ұсынылды.

 «Келесі жылдан бастап тазалықты сақтауды арнайы конкурс ретінде ұйымдастырамыз. Тазалық жағдайынан күн сайын хабардар болып отыру үшін, WhatsApp әлеуметтік желісінен топ аштық. Оны жүргізіп отыратын арнайы маман бар. Нөмірі 8778 296 23 22. Қоқыс жинала бастаған жерлерді суретке түсіріп осында салып отырса, біз міндетті түрде сол жерден табыламыз» дейді Құрманғазы ауылдық округінің  әкімі Мұрабек  Мұғалім.

Айта кетелік, бұған дейін 67 адамға айыппұл салынды. 47 тұрғынға ескерту жасалды.

Қанат  Ғұмаров

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Құрманғазы