24 Желтоқсан, 2018

Әскери шеберліктерін шыңдады

ATPress.kz, 24 желтоқсан. Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде студенттер арасында әскери-патриоттық сайыс өтті.

Аталмыш оқу орнының әскери дайындық пәні мұғалімі Абзал Бижанов жетекшілік ететін «Дельфин» әскери-патриоттық клубы әскери аудандық, облыстық сайыстарда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.

Тоғыз кезең бойынша сыннан өткен сайыскерлер арасынан бірінші орынды «Дельфин» тобы жеңіп алды.

- Бұл жеңімпаз топ негізінен колледждің 3 курс студенттерінен құралды. Олар клубта осы жылдар арасында  әскери өнерге үйреніп, шыңдалып қалған жастар, - дейді клуб жетекшісі Абзал Бижанов.

Сонымен қатар, сайыстың жүлделі орындарын  «Айбын» және «Барыс» командалары жеңіп алды. - Колледж студенттерінің саптық жүрістері де ширақ, қаруды меңгерулері де шебер, спортқа да епті екендігін  бірден байқауға болады, - дейді Индер  аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкері Қуаныш Базарбай.

Саламат Базарбаев


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Индер