23 Желтоқсан, 2018

Әскери-патриоттық клуб мүшелері өзара сайысты

ATPress.kz, 23 желтоқсан. Құрманғазы ауданында «Бүркіт» әскери-патриоттық клуб мүшелері арасында сайыс өтті.

Клуб мүшелері өзара төрт командаға бөлініп, әрқайсысы өздерінің атауларын қорғап, музыкалық сәлемдемелерін де жеткізді.

Командирлердің бөлімшені басқару пәрмені, оны саптық әдіспен алып жүру тәсілдері пысықталды. Әрі қарай, бөлімшенің түгелдей және жекеленген қорғаныш құралдарын кию әдісі, АК-74 оқу жаттығу қаруын уақытқа бұзып қайта жинау кезеңдері қызықты әрі тартысты өтті.

Сонымен қатар, қазіргі сарбаздың соғыс және бейбіт уақыттағы бір күндік азық нормалары белгіленген ас мәзірі де дайындалды. Ең қызығы, үйде ине-жіп ұстамайтын ұлдар осы сайыста әскери киімге жаға тігуді, түйме қадауды үйренді.

А. Шарипов

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Құрманғазы #Бүркіт