22 Желтоқсан, 2018

Құрманғазы ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті

ATPress.kz, 22 желтоқсан. Құрманғазы ауданында өткен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы кезінде жергілікті ішкі істер бөлімінің есепте тұрған 13 отбасы тексерілді.

«Акция кезінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73 бабы «Отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер» бойынша 8 азаматтың үстінен әкімшілік құжаттар жинақталып, жергілікті соттың қарауына жолданды. Профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 350 дана буклет таратылып, 2 билборд ілінді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен, белгілі тұрағы жоқ әйел адам мен кәмелетке толмағандар анықталған жоқ» дейдіҚұрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы Б. Қараева.

Өз тілшіміз


Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Құрманғазы