11 Желтоқсан, 2018

Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай жыр кеші өтті

ATPress.kz, 11 желтоқсан. Қазақстанның Халық жазушысы, классик ақын, көрнекті қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай, Индер аудандық балалар кітапханасында жыр кеші өтті.

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбымен өткен кеште  кітапханашы М.Темірғалиева балаларға арналған жазушының мақал-мәтелдерінен, сөз жұмбақтарынан сауалнама ұйымдастырды. Тақырып аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Т.Суханбердиева библиографиялық шолу жасады.

Айта кетелік, Мұзафар Әлімбаев балалар әдебиетінің классигі, Кеңес Үкіметінің қылышынан қан тамып тұрған сонау қысылтаяң кезеңде «Менің Қазастаным» атты поэма жазып, ұлттық рухты асқақтатқан айбарлы ақын.

Диас Айбаров

Ақпараттық ресурс ATPress.kz IOS пен Android қосымшаларда

Тегтер: #Индер